Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел чемпионатын сәтті бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
 Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел чемпионатын сәтті бастады
Фото ©️ olympic.kz

Бүгін Қарағандыда бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жастар құрамасынан ересектер сапына ауысқан Төрехан Сабырхан жарысты сәтті бастады, - деп хабарлайды msports.kz

БӨЛІСУ

67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасына ауысқан Төрехан Сабырхан Қарағандыда басталған чемпионаттың келесі кезеңіне шықты. Ол бірінші кездесуінде ақмолалық Айбек Төлегеновті жеңіп шықты.

Қарсыласын үшінші раундта бір рет нокдаунға да түсірді.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан - жастар мен жасөспірімдер арасында төрт рет Азия чемпионы атанған алғашқы боксшы. Ол ересектер арасында әлем және Азия чемпионы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Махмұд Сабырханның інісі.