2020 жылы өтетін жазғы олимпиада ойындарының астанасы Токио қаласы болды, деп хабарлайды Agence France-Presse.
Мұндай шешім 125-сессиясы Буэнос-Айресте өтіп жатқан Халықаралық олимпиада комитетінің дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданды. Токионың қарсыласы саналған ЫСтамбұл қаласы көпшіліктің дауысын жинай алмады.
Бұдан бұрын бірінші турда ең аз дауыс жинаған Мадрид қаласы олимпиада астанасы атану күресінен шығып қалған болатын. Бұл жаңалық Испания астанасының алаңдарына жеңісті тойлауға жтналған қала тұрғындары үшін нағыз күйзеліс болды. Көңілдері қалған олар аспанға қызыл шар жіберіп, үйлеріне тарай бастады, деп хабарлайды агенттік.
Агенттіктің ақпаратына сүйенер болсақ алғашқы турда Токио көшбасшы атанған, а Ыстамбұл пен Мадрид бірдей дауыс санын жинапты сондықтан тағы бір рет дауыс беруге тура келген. Нәтижесінде Ыстамбұл 94-тен 49 дауыс жинады.
Айта кетсек, Токио бұған дейін олимпиада ойындарын 1964 жылы қабылдаған еді. Олимпиада қожайыны болуға Жапония астанасы өз кандидатурасын 2-рет ұсынса, Мадрид - үшінші, ал ЫСтамбұл - бесінші рет ұсынған екен.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: up-hack.ru, rsport.ru