Тоқаев Кирилл Герасименконы абсолют чемпион атағымен құттықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Тоқаев Кирилл Герасименконы абсолют чемпион атағымен құттықтады
Фото ©️ Туризм және спорт министрлігі

Теннисші Кирилл Герасименко Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзін Қазақстанның абсолют чемпионы атағына ие болуымен құттықтағанын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Спортшы мұндай жоғары құрмет алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін айтып, қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.

Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы елдің абсолют чемпионы атанды. Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз