
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыз алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram желісіндегі өзінің парақшасында.
Назым Қызайбай туралы не белгілі?
Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Назым Қызайбай финалда ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Назым Қызайбай қазақ боксы тарихында үш мәрте әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы атанып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырынан көрінген еді. Сондай-ақ, 2024 жылғы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль алды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!