Тито Виланова: «Бұл жолы алаңдаудың қажеті жоқ!»

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Тито Виланова: «Бұл жолы алаңдаудың қажеті жоқ!»

"Барселона" командасының бас бапкері Тито Виланова хирургиялық жәрдемге жүгінбестен бұрын денсаулығы жөнінде азды-кемді ой толғапты.

БӨЛІСУ

"Түкке алаңдамай-ақ қойсаңыздар болады. Бұл жолғы денсаулыққа байланысты қиындықтар өткен жолғыдай қатерлі емес. Ісік басқа жерде орналасқан, өз кезегінде емдеуге қиындық тудырмайды", - деп Виланова Marca-ға берген сұхбатында ағынан жарылыпты.

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылдың соңына таман 43 жастағы маман шықшыт безіндегі ісікке байланысты операция жасаған болатын. Енді араға бір жылды салып барып аталған ісік қайта табылып отырған көрінеді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек