Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының төрағасы, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл туралы ҚБФ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Барыс» орденін тағайындау 1999 жылы бекітіліп, сол уақыттан бері беріліп келеді. Бұл орден:
• Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe;
• бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге;
• мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте;
• халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;
• ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға;
• мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ерекше еңбек ciңipгeн азаматтарға беріледі.
Сурет: confederation.kz