20 жастағы қазақстандық боксшы Тимур Баситов Тайландта өткен жекпе-жекте бұрынғы WBC Silver чемпионын жеңіп, жанкүйерлерін қуантты, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Баситов тайландтық боксшы Дон Паруангпен жұдырықтасты. Тәжірибелі қарсыласқа қарсы жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен айқын жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тимурдың қарсыласы болған Дон Паруанг кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, 11 рет қарсыласын нокаутпен ұтқан. 2018 жылы италиялық Кристиан Дажиомен жұдырықтасып, 12-раундта жойқын соққыларымен қарсыласын есінен тандырды. Боксшы сол күйі ес жия алмай, екі күннен кейін аурухана төсегінде қайтыс болды.
Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бұл халықаралық аренадағы жетістік жолының бастамасы деп біледі.