Тайсон салмақ өлшеу кезінде қарсыласын шапалақпен тартып жіберді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Фото ©️ championat.com

Әйгілі боксшы Майк Тайсон 15 қараша күні (Қазақстандағы уақытпен 16 қараша күні таңда) блогер Джейк Полмен жұдырықтасады, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Жекпе-жек алдында спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Тайсон қарсыласынан жарты келі ауыр болып шықты. Ал көз түйістіру кезінде Майк қарсыласын шапалақпен тартып жіберді. Екі спортшыны қорғаушылар ажыратып алды.

"Әңгіме осымен бітті деп", Тайсон залдан шығып кетті. Жас блогер 58-дегі боксшыға қарсылық танытқан жоқ, "Ол мені қатын секілді ұрды, енді бұл менің жеке мәселем! Ол өлу керек" деп, артынан айқайлады.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. 

Майк Тайсон 19 жылдан кейін шаршы алаңға оралады. Бұған дейін 58 жекпе-жекке шығып, оның 50-інде жеңіске жеткен. Джейк Пол 11 жекпе-жек өткізіп, 10-ында қарсыласынан басым болған. Бұл жекпе-жек те ресми нәтиже ретінде боксшылар статистикасына саналатын болады. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!