Спорт тарихында алғаш рет ұйымдастырылған Еуропа ойындары мәресіне жетті. Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде өткен дүбірлі додаға 6000-ға жуық спортшы қатысты.
Еуропа ойындарын өткізу туралы жоба мен шешім 2012 жылы қабылданды. Алғашында бұл дода Беларусь елінде өтуі тиіс болатын. Кейіннен бұл ел Еуропа ойындарын өткізуден бас тартқаннан кейін таңдау Әзірбайжан астанасы Бакуге түсті.
16 күнге созылған Еуропа ойындарына 50 мемлекеттің спортшылары қатысты. 30 спорт түрінен өткен додада спортшылар 253 медальдар жиынтығын сарапқа салды. 11 спорт түрінен 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензиялық ұпайлар таратылды. Спортшылар саны бойынша Ресей құрамасы бірінші орында. Олимпиадада алғашқы ондыққа енетін елдің атынан 351 спортшы қатысты. Әзірбайжан елінің намысын 285 спортшы қорғаса, Италиядан 278 спортшы барған.
Тарихтағы тұңғыш Еуропа ойындарында Ресей құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Олар 79 алтын, 40 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Екінші орынға 21 алтын, 15 күміс, 20 қола жеңіп алған Әзірбайжан құрамасы тұрақтаса, үштікті 18 алтын, 10 күміс, 19 қоламен Ұлыбритания құрамасы қорытындылады.
Барлық медальдар жиынтығы | Барлығы | ||||
---|---|---|---|---|---|
Орын | Мемлекет | Алтын | Күміс | Қола | |
1 | Ресей | 79 | 40 | 45 | 164 |
2 | Әзірбайжан | 21 | 15 | 20 | 56 |
3 | Ұлыбритания | 18 | 10 | 19 | 47 |
4 | Германия | 16 | 17 | 33 | 66 |
5 | Франция | 12 | 13 | 18 | 43 |
6 | Италия | 10 | 26 | 11 | 47 |
7 | Белорусь | 10 | 11 | 22 | 43 |
8 | Украина | 8 | 14 | 24 | 46 |
9 | Нидерланд | 8 | 12 | 9 | 29 |
10 | Испания | 8 | 11 | 11 | 30 |
11 | Венгрия | 8 | 4 | 8 | 20 |
12 | Сербия | 8 | 4 | 3 | 15 |
13 | Швейцария | 7 | 4 | 4 | 15 |
14 | Түркия | 6 | 4 | 19 | 29 |
15 | Бельгия | 4 | 4 | 3 | 11 |
16 | Румыния | 3 | 5 | 4 | 12 |
17 | Португалия | 3 | 4 | 2 | 9 |
18 | Польша | 2 | 8 | 10 | 20 |
19 | Австрия | 2 | 7 | 4 | 13 |
20 | Грузия | 2 | 5 | 8 | 15 |
21 | Израиль | 2 | 4 | 6 | 12 |
22 | Словакия | 2 | 2 | 3 | 7 |
23 | Литва | 2 | 1 | 4 | 7 |
24 | Ирландия | 2 | 1 | 3 | 6 |
25 | Хорватия | 1 | 4 | 6 | 11 |
26 | Грекия | 1 | 4 | 4 | 9 |
=27 | Болгария | 1 | 3 | 5 | 9 |
=27 | Дания | 4 | 3 | 5 | 12 |
29 | Швеция | 1 | 3 | 3 | 7 |
30 | Словения | 1 | 1 | 2 | 4 |
31 | Латвия | 1 | 0 | 1 | 2 |
32 | Чехия | 0 | 2 | 4 | 6 |
=33 | Эстония | 0 | 1 | 2 | 3 |
=33 | Молдова | 0 | 1 | 2 | 3 |
35 | Сан-Марино | 0 | 1 | 1 | 2 |
=36 | Армения | 0 | 1 | 0 | 1 |
=36 | Кипр | 0 | 1 | 0 | 1 |
=38 | Македония | 0 | 0 | 2 | 2 |
=38 | Норвегия | 0 | 0 | 2 | 2 |
=40 | Косово | 0 | 0 | 1 | 1 |
=40 | Финляндия | 0 | 0 | 1 | 1 |
=40 | Черногория | 0 | 0 | 1 | 1 |
Барлығы | 245 | 245 | 330 | 820 |