Францияның Анже қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров бүгін еркін бағдарламадан кейін 231,86 балл жинап, 4-сатыға тұрақтады.
Кеше қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз 79,89 ұпаймен 6-орыннан көрінген. Бұл жарыста Михаил 3 аксель+4 тулуп айналымын орындаған алғашқы спортшы атанды.
Айта кетейік, Анжеде барлығы 16 мемлекеттен таңдаулы 60 спортшы сынға түсті. Биыл Еуропа чемпионы атанған француз Адам Сяо Хим Фа жеңіске жетті (246,58 балл). Күміс Коширо Шимадаға (Жапония), қола медаль Андрю Торгашевке бұйырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз