Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандастарымыз ширек финалда Иран құрамасын 3:2 есебімен ұтты.
Кака жаттықтыратын ұлттық құрама бірінші таймда өз қақпаларына екі гол жіберіп алды. Иран құрамасы сапында Мослем Оладгобад пен Ахмад Эсмаэльпур гол соқты.
Қазақстан құрамасы екінші таймда нағыз мінез көрсетті. Жеңіске деген жігер танытты. 25 минутта ирандықтар қақпашысы Алирез Сами автогол соқты. Араға 4 минут сала Арнольд Кнауб таразы басын теңестірді. Ал 39-минутта Тайнан ұлттық құрамаға жеңіс сыйлаған голды соқты.
Жартылай финалда отандастарымыз Португалия құрамасымен кездеседі. Екінші жартылай финалда Бразилия мен Аргентина құрамалары кездеседі.