Тарихи жетістік! Қазақ қыздары шахмат Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Тарихи жетістік! Қазақ қыздары шахмат Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды
Фото ©️ Мария Емалианова

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында шахматтан 45-ші Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан қыздар құрамасы күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Қазақстан өз тарихында алғаш рет жүлделі орынға ілігіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Соңғы турға дейін бас жүлдеге үмітті құрамалар қатарында болды. Бұған дейінгі үздік көрсеткіші 5-орын (2022 жылы) болған.

Шешуші турда отандастарымыз АҚШ құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. 

Жарыс қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман мен Әмина Қайырбекова бақ сынаған Қазақстан құрамасы 18 ұпай жинады. 19 ұпай жинаған үнді қыздар Олимпиада жеңімпазы болды. 

Шахмат Олимпиадасына Бибісара Асаубаева бірде-бір қарсыласынан жеңілмей, Қазақстанның жоғары орын алуына үлкен үлес қосты. 

Ерлер арасында да Үндістан құрамасы чемпион атанды.