Киелі Тараз топырағында қазақ күресінен «Еуразия барысы» ІІ халықаралық турнирі басталды. 12 елдің құрамасы бақ сынағалы отырған дода биыл қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналып отыр. Жарыс алдындағы мерекелік іс-шаралар да ұлт ұлысының жаңа қыр-сырын танытатын қойылымдармен шымылдығын түрді.
БӨЛІСУ
Жеребе қорытындысы төмендегідей:
Қытай - Қазақстан
Украина - Польша
Өзбекстан - Тәжікстан
Ресей - Моңғолия
Ал Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Грузия құрамалары жеребеге сәйкес жарысты 1/4 финалдан бастайды.
Сурет: massaget.kz