Танымал футболшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Танымал футболшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады
Фото ©️ championat.com

Француз футболшысы Рафаэль Варан 31 жасында мансабын аяқтады. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде жариялады. 

БӨЛІСУ

Ойыншының футболдан қол үзуіне жарақаты себеп болды. Жазда ғана еркін агент ретінде Италияның "Комо" командасына ауысқан Варан бар болғаны 23 минут қана алаңға шықты. Жарақатына байланысты орнын босатып, кейіннен ұзақ уақыт емделуі керек екені анықталды. Нәтижесінде, қос тарап келіскен түрде келісімшарт уақытын ерте аяқтады. 

Рафаэль Варан "Ланс" (Франция), "Реал Мадрид" (Испания) және "Манчестер Юнайтед" (Англия) командаларында ойнады. Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. Ал "Реалмен" Чемпиондар лигасында төрт рет топ жарды.