Танымал боксшының ұлы өзіне қол жұмсап қайтыс болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Танымал боксшының ұлы өзіне қол жұмсап қайтыс болды
Фото ©️ GLOBALLOOKPRESS.COM

Әйгілі боксшы Рой Джонстың (кішісі) ұлы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Қайғылы хабарды боксшының өзі мәлім етті. 

БӨЛІСУ

Боксшының ДеАндре Джонс, Дешон және Рой Джонс III есімді үш ұлы бар. ДеАндре Джонс сенбі күні суицид жасап, өмірімен қош айтысты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roy Jones Jr. (@royjonesjrofficial)

Өкінішке қарай, менің ұлым ДеАндре сенбі күні өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Мен жұмада үйге оралып, өмірінің соңғы түнін онымен және отбасымен өткізуге мүмкіндік бергені үшін Құдайға шүкір деймін. Қазір адамдар көптеген қиындықты бастарынан өткеруде, бірақ оның бәрі өмірінен артық емес. Құдай берген жанды өзі алу керек. Қазіргі қиын-қыстау кезеңде менің жеке өмірім және отбасымның өміріне құрметпен қарауларыңызды сұраймын. Қолдауларыңызға рақмет", - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде. 

Рой Джонс 1988 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы болған боксшы. Қазақстандағы ірі жарыстарға жиі келіп тұратын да спортшы.