Танат Нөсербаев Түркияға қарсы ойнай алмайтын болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Танат Нөсербаев Түркияға қарсы ойнай алмайтын болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Танат Нөсербаев 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Түркиямен өтетін ойынға қатыспайтын болды. Шабуылшы команданың Антальядағы жаттығу жұмыстары кезінде жарақат алған.

БӨЛІСУ

Танаттан өзге қорғаушы Илья Воротников ("Тараз") және жартылай қорғаушы Анатолий Богданов ("Тобыл") та түріктерге қарсы ойнай алмайтын болды. Бұл екі ойыншы да жарақат алған. Сонымен қатар, Нидерланды құрамасына қарсы ойында алаңнан қуылған Бауыржан Жолшиев те бұл ойынға қатыспайды. Сондықтан ұлттық құрама сапына жедел түрде «кеншілер» клубының қорғаушысы Сергей Малый шақыртылды. 

Осыған дейін Юрий Красножан жариялаған тізімге Стас Покатилов, Рақымжан Розыбакиев және Роман Мұртазаев енген еді. Бірақ, ақпарат бойынша тізімге соңғы екі ойыншы енбей қалды. Команданың соңғы құрамы төмендегідей:

Қақпашылар – Александр Мокин, Стас Покатилов (екеуі де – "Шахтер" Қарағанды), Андрей Сидельников ("Ақтөбе");

Қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Виктор Дмитренко (бәрі де – "Астана"), Юрий Логвиненко, Дмитрий Мирошниченко (екеуі де – "Ақтөбе"), Александр Киров, Сергей Малый (екеуі де –"Шахтер"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ордабасы"), Ренат Абдулин ("Атырау"), Марк Гурман ("Қайрат");

Жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан, Самат Смақов, Аслан Дарабаев, Станислав Лунин (бәрі де – "Қайрат"), Ұлан Қонысбаев ("Шахтер"), Асхат Тағыберген ("Ақтөбе"), Азат Нұрғалиев ("Ордабасы"), Андрей Карпович ("Атырау");

Шабуылшылар – Сергей Хижниченко ("Корона", Польша), Алексей Щеткин ("Тараз").

Түркия мен Қазақстан арасындағы кездесу 16 қарашадан 17 қарашаға қараған түні өтеді. Астана уақытымен 00:45-те басталатын кездесуді «KazSport» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Қазіргі таңда екі құрамада да үш ойын қорытындысы бойынша бір-бір ұпайдан бар. 

Cурет: ffk.kz