Қазақстандық бұрымды Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокта (Таиланд) өткен бокс кешінде әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Лукас аргентиналық Дебора Анаи Лопеспен (21-2-1, 1 КО) екінші өте жеңіл салмақтағы IBO титулы үшін жекпе-жек өткізді. Екі минуттан он раундқа есептелген айқаста төрешілер шемімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
"Қазақстан тарихында алғаш рет. Әйелдер боксындағы осындай үлкен жеңіс. Мен WBO тұжырымы бойынша әлемнің төрт дүркін чемпионы болған аргентиналықты жеңдім! Өте бақыттымын! Бар күшімді салдым! Отбасымнан өзге қолдау аз болды! Бастысы – сенім және берілмеу керек. Алға!", – деп жазыпты Лукас Instagram желіге.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша, Лукас кәсіпқой карьерасында он бірінші айқасында жеңіп, IBO чемпионы атанды. Лопес кәсіпөойда үшінші рет жеңілді.
Ангелина бұған дейін WIBF және WBF титулдарын жеңіп алған болатын.