Тағдыры талай фильмге арқау болған атақты футболшы түрмеден шықты

Айымгүл Оралқызы Корреспондент
Айымгүл Оралқызы>
Тағдыры талай фильмге арқау болған атақты футболшы түрмеден шықты
Фото ©️ vk.com

Америкалық футболдың жарық жұлдызы, өз уақытында өте танымал болған  О. Джей Симпсон осы қазан айының бірі күні түрмеден шықты. Лас Вегас қаласында ұрлық жасағаны үшін 33 жылға қамалған Симпсон бар болғаны 9 жыл мерзімін ғана өтеген.

БӨЛІСУ

Бірақ, ол ұрлықтан бұрын 1995 жылы бұрынғы жұбайы Николь Браун-Симпсон мен оның үйіне келген қонақты өлтіріп, соттың оны ақтап шығуымен танымал болды. Екі адамды бақилық қылған Симпсонның ақталуы кейін расалық дискриминацияға қатысты митингтер өтуі мүмкін деген қауіптен болды деседі. Бұл қара нәсілді халықтың ызасын тудырмас үшін қабылданған шешім болды деген пікірлер де бар. Сот оған  $ 33,5 миллион айыппұл төлеуді ғана жүктеген. Десе де, аталған сот үдерісі бүкіл әлемде үлкен резонанс тудырды. Осы оқиғадан кейін Симпсон тағдыры көптеген фильмдерге арқау болды.

Былтыр ол туралы "Америкалық қылмыс оқиғалары: Халық О. Дж. Симпсонға қарсы" сериалы шықты. Осы жобадағы рөлі үшін актриса Сара Полсон АҚШ киноактерлері Гильдиясының арнайы сыйын алды. Сондай-ақ, сериал 22 "Эмми" мүсінін иеленді. Ал биыл режиссер Эзра Эдельманның "О.Джей: Америкада жасалған / O.J.: Made in America"  аталатын картинасы "Үздік деректі фильм" аталымы бойынша "Оскар" сыйлығымен марапатталды.