Жаңа рекордтың иесі атанған Илья Ильин енді Гиннестің кітабына енді.
"Менің сертификатым! Ақыры қолым жетті-ау! Бәріне маған сеніп, үміт артқаны үшін рақмет айтамын. Бұл тек бастамасы ғана!" - деп жазды батырымыз өзінің Facebook-тағы жеке парақшасына.
2012 жылы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада Ойындарында Илья Ильин 233 келіні көтеріп, жалпы есепте 418 ұпай жинап, екі бірдей әлемдік рекордты жаңартқан болатын. Дәл осы жеңісінің арқасында ол бүгіндері Гиннестің рекордтар кітабының сертификатына қол жеткізіп отыр.
Өзінің жойқын жеңісінің жемісін көріп, әлемдік кітаптағы қазақстандықтардың санын біреуге болса да арттырған алып батырды Массагет ұжымы да шын жүректен құттықтайды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: newskaz.ru, np.kz