Ел біріншілігінің жеңімпазы «Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші електік кезеңінде Бухаресттің «Стяуа» клубымен кездеседі. Аталған кездесуге байланысты Vesti.kz тілшілері «Ақтөбе» мен «Стяуа» клубтарының негізі құрамдағы ойыншыларының бағасын анықтады.
Тransfermarkt сайты бағалағандай румыниялық клубтың негізі құрамдағы ойыншыларының жалпы бағасы 20 миллион 300 мың евроны құрайды. Ал, «Ақтөбе» клубының футболшылары 7 миллион 250 мың евроны көрсетіп отыр.
«Стяуа» клубының құрамы:
Гедрюс Арлаускис - миллион евро, Корнел Рыпэ - 500 мың евро, Лукаш Шукала - 2,3 миллион евро, Александру Кипчу - 4 миллион евро, Лучан Филип - 800 мың евро, Кристиан Тэнасэ - 3 миллион евро, Андрей Препелицэ - 1,4 миллион евро, Ясмин Латовлевич - 2,3 миллион евро, Лучан Сынмэртян - 400 мың евро, Фернанду Варела - 2,5 миллион, Адриан Попа - 2,1 миллион евро.
«Стяуа» клубының барлық 25 ойыншысы 32,95 миллион евроға бағаланған. Футболшылардың орта жасы – 24,5 жас.
«Стяуа» клубы сапындағы ең қымбат футболшы - Александру Кипчу
«Ақтөбе» клубының құрамы:
Андрей Сидельников - 200 мың евро, Тарас Царикаев - 400 мың евро, Дмитрий Мирошниченко - 200 мың евро, Маркос Пиззелли - 1,5 миллион евро, Марат Хайруллин - 300 мың евро, Данило Неко - миллион евро, Роберт Арзуманян - 300 мың евро, Валерий Коробкин - 250 мың евро, Юрий Логвиненко - 300 евро, Андерсон Минейро - миллион евро, Алексей Антонов - 1,8 миллион евро.
«Ақтөбе» клубының барлық 23 ойыншысы 10,58 миллион евроға бағаланған. Футболшылардың орта жасы – 27,9 жас.
«Ақтөбе» клубы сапындағы ең қымбат футболшы - Алексей Антонов
Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші електік кезеңде тбилисилік «Динамо» командасынан екі ойын қорытындысы бойынша 4:0 (3:0, 1:0) есебімен басым түскен болатын. Ал, «Стяуа» футбол клубы норвегиялық «Стремсгодсет» командасынан айласын асырды. Екі ұжым арасындағы алғашқы кездесу 29-30 шілдеде ойналса, 5-6 тамыз күні қарымта кездесу өтеді.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: vesti.kz