Стокгольмде мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионаты басталады

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Еркебұлан Қайрахан>
Стокгольмде мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионаты басталады

Сәрсенбіде швед астанасында мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионаты басталады, деп жазады inform.kz.

БӨЛІСУ

Еуропа чемпионаты бес күнге созылады. 28 қаңтарда ерлер арасында қысқа бағдарлама, қысқа би өтеді. 29 қаңтарда әйелдер арасында қысқа бағдарлама  және жұптасып билеу жарысының финалы, 30 қаңтарда - жұптардың қысқа бағдарламасы мен ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан ақтық бәсеке, 31 қаңтарда әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың финалы өтеді. 1 ақпанда жұптасып сырғанаудан ақтық жарыс, сондай-ақ бұл күні гала-көрсетілім ұйымдастырылады. Бәсекелер швед астанасының "Глоб-Аренасында" өтеді.

сурет: panoramio.com