Англия құрамасы мен “Ливерпуль” клубының капитаны Стивен Джеррард өз елінің 2012 жылғы үздік футболшысы атанды.
Англия футбол қауымдастығы (The FA) ұйымдастырған шарада 180 мыңнан астам жанкүйер дауыс беру арқылы үздікті анықтаған. Дауыс беруге қатысқан футболсүйердің 40 пайыздан астамы “Ливерпуль” командасының капитанын үздік деп таңдаған екен. Сондай-ақ, дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орын “МЮ” шабуылшысы Дэнни Уэлбекке бұйырса, үшінші сатыда “Челси” қорғаушысы Эшли Коул орналасқан. Үздік бестіктің қатарында “МС” қақпашысы Джо Харт пен “Ливерпуль” қорғаушысы Глен Джонсон да бар.
“Жанкүйерлер мені өз елімнің үздігі деп таңдағаны әрдайым қуантады. Үздік атану менің бала кезімнен бергі арманым. Дегенмен мен бұл жетістігіммен тоқтап қалмаймын. Өткен жылдан бері ұлттық құраманың сапында ойнауды жалғастырамын деп шештім. Бүгінгі таңда біздің құрамада мықты ойыншылар жиналған. Біз командамен бірге алдағы екі жылда жоғары нәтижелерге жетеміз деп жоспарлағанбыз”, - дейді Стивен Джеррард.
32 жасар жартылай қорғаушы Англия футбол қауымдастығынан үздік атанғаны үшін берілген 25 фунтты алдағы уақытта Бобби Мурдың қайырымдылық қорына аударатынын да айтты.
Сонымен қатар, Стивен Джеррард командалас әріптесі Джордан Хендерсон Англияның 21 жасқа дейінгі футболшылары арасында үздік атанды.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz