Станимир Стойлов ұлттық құрама жаттықтырушысы қызметінен кетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Станимир Стойлов ұлттық құрама жаттықтырушысы қызметінен кетті
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов қызметінен кетті. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

- Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді.

Болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстан ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызында басқарған еді. Оның жетекшілігімен біздің құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар лигасына қатысты. Сонымен қатар, жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты. 

Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стоилов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді, - деген ресми хабарламада.

Болгар маманы ұлттық құрамаға дейін "Астана" командасын жаттықтырған болатын. Елордалық ұжыммен 4 рет ел чемпионы атанды. Клубты Чемпиондар лигасы топтық кезеңі мен Еуропа лигасының плей-офф сатысына алып шықты.

Осыған дейін қазақстандық БАҚ Станимир Стойлов "Ордабасы" командасының бас жаттықтырушысы атанатынын хабарлаған еді. Кейіннен шымкенттік команда бұл ақпаратты жоққа шығарды.