Cемейдің "Спартак" командасы өскемендік "Востокты" қосымша уақытта жеңіп, премьер-лигаға жолдама алды.
"Астана-Арена" стадионындағы кездесудің негізгі уақытында есеп ашылмады. Қосымша уақыт аяқталуға 4 минуттай уақыт қалғанда "Спартак" есеп ашып, премьер-лигаға берілер жолдаманы қанжығаға байлады. Семейлік командаға жеңіс сыйлаған голды Павел Пурышкин соқты. Осылайша келер маусымда "Спартак" премьер-лигада, ал "Восток" бірінші лигада өнер көрсететін болады.
Естеріңізге сала кететін болсақ, бұл ойын премьер-лигада 11-ші орын алған командамен, бірінші лигада екінші орын алған командалар арасындағы бір жолдамаға таласатын кездесу болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: alaman.kz