"Спартак" жаттықтырушысы Астанада командасы бірінші гол соғатынына уәде берді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Спартак" жаттықтырушысы Астанада командасы бірінші гол соғатынына уәде берді
Фото ©️ Астана ФК

"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде қарсылас атанған Латвияның "Спартак" командасын бірінші ойында ұтты. Юрмалада өткен кездесуден кейін жергілікті команданың бас жаттықтырушысы Марек Зуб Астанада командасы бірінші гол соғатынына уәде берді.

БӨЛІСУ

- Бұл – футбол. Қай команданың үздік екенін көрдік. Өкініштісі сол, 0:0 есебін сақтап қала алмадық. Есеп 0:0-мен аяқталғанда біз үшін үлкен қуаныш болар еді. Ойыншыларымыздың деңгейі "Астанамен" тең болмаса да, өзге нәтиже күткен едім. Көбіне болмашы қателіктердің салдарынан қорғанысқа күш салумен болдық. Астанада бірінші гол соғу бізге маңызды. Содан кейін ойын қызық болады. Бұған уәде беремін. Бізде әлі мүмкіндік бар, - деді.

- Астанаға жету үшін билет табу оңай болмады. Себебі қазір онда EXPO көрмесі өтіп жатыр. Қарымта ойынға дайындалуға уақыт аз. Жексенбі Минскі арқылы Астанаға ұшамыз. Беларусь елінің астанасында 5 сағаттай аялдаймыз да. Қол жеткен билет осы болды, - деді бас жаттықтырушы.

Айта кетейік, түнде өткен ойында "Астана" алаң иелерін 1:0 есебімен ұтқан еді. Ойында елордалық ұжымға жеңіс сыйлаған голды Патрик Твумаси айып добынан соқты.