Қазақстан атынан үш бірдей теннисші Australian Open-2013 турнирінің жұптық сынында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің 11-нөмірі болып сынға түсетін Ярослава Шведова мен Ваня Кинг жұбы бірінші айналымда жапониялық Шуко Аояма және АҚШ қызы Ирина Фальконемен кездеседі.
Тағы бір отандасымыз Ксения Первак словакиялық Доминика Цибулковамен жұп құрап, Кай Чень Чан (Тайпей) және Цзи Яньға (Қытай) қарсы ойнайды. Қазақстандық Галина Воскобоева мен ресейлік Александра Панова өз кезегінде Ализе Корне (Франция) және Мона Бартель (Германия) жұбымен кордқа шығады.
Айта кетейік, Ярослава Шведова мен Ваня Кинг осыған дейін "Үлкен дулығаның" жұптық жарыстарында екі рет топ жарды. Бұл 2010 жылы болған "Уимблдон" мен "US Open" турнирлері еді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: vesti.kz