Шведова Бразилиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Шведова Бразилиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Ярослава Шведова Бразилияның Флорианополис қаласында өтіп жатқан WTA Brasil Tennis Cup турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

БӨЛІСУ

Қазақстандық жарыстың ширек финалында испандық Анабель Медина Гарригеспен біріге отырып, Флоренция Молинеро (Аргентина) және Адриану Перес (Венесуэла) бірлестігінен басым түсті. Есеп: 6:1, 6:1. 

Олар жарыстың бірінші айналымында Каролин Гарсия (Франция) мен Гарбин Мугуруса-Бланко (Бельгия) жұбын ұтқан еді. Қорытынды есеп: 6:3, 7:5.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 сурет:  kursiv.kz