Жартылай ауыр салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Бернард Хопкинс пен WBA суперчемпионы Бейбіт Шүменов арасындағы абсолютті чемпион атағы үшін болған жекпе-жектегі боксшылардың жұмсаған соққылары жөніндегі статистика белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Естеріңізге салар болсақ, кездесу 20 сәуір күні Вашингтонда өтіп, оның қорытындысы бойынша Хопкинс төрешілердің аралас шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, америкалық бокс тарихындағы чемпиондық атақтарды біріктіру жекпе-жегінде жеңіске жектен ең қарт боксшы атанды. Айта кетейік, Хопкинс биыл өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек.
Енді соққылардың статистикасын назар аударсақ. CBSSports.com порталының келтірген мәліметтеріне сүйенсек, Бейбіт Шүменов 12 раунд бойына 608 соққы жұмсаса, оның 124-і дөп тиген (20 пайыз). Ал Хопкинс жұмсаған соққылары жағынан қазақстандыққа жол бергенімен, оның дәлдігі жағынан мергендік таныта білді – 186 соққы (49 пайыз).
Айта кетейік, бұл жеңіс Бернард Хопкинстің кәсіби мансабындағы 55-ші болып тіркелді. Осыған дейін ол алты рет жеңіліске ұшыраса, екі кездесуді тең аяқтаған. Ал Бейбіт Шүменов болса, мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады (14 кездесуде жеңіске жеткен).
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: sport.obozrevatel.com