Шүменов пен Хопкинс кездесер күн алыс емес

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Шүменов пен Хопкинс кездесер күн алыс емес

Шаршы алаңдағы Бейбіт Шүменов пен Бернард Хопкинс арасындағы тартысты жекпе-жек 29 наурыз күні өтуі мүмкін. Бұл туралы boxingnews.com.ua порталы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Жартылай ауыр салмақта IBF жүйесі бойынша Әлем чемпионы Бернард Хопкинс пен WBA жүйесі бойынша Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов арасындағы кездесу 29 наурыз күні Нью-Йоркте өтуі мүмкін. Бұл туралы «Golden Boy Promotions» атқарушы директоры Ричард Шефер мәлімдеуде. Танымал былғары қолғап шеберлердің жекпе-жегін «Showtime» арнасы тікелей эфирде таратады деп күтілуде.

49 жастағы Бернард Хопкинс осыған дейін «бұл кездесу Бейбіттің зор мүмкіндігі» деген болатын. Ол өз күшіне сене отырып, жартылай ауыр салмақтағы барлық белбеулерді еншілегісі келетінін де жеткізген-ді.

Естеріңізге сала кетсек, Бейбіт Шүменов соңғы кездесуін өткен айда словак Тамаш Ковачқа қарсы өткізіп, үшінші раундта жеңіске жеткен болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: isport.ua