Аты әлемге әйгілі неміс автошабандозы Михаэль Шумахердің демеушілері спортшымен серіктестік келісімін үзбеген. Жақында кей ақпарат құралдары спортшыға демеушілік танытып келген компаниялар мен жеке тұлғалар қырын қарап отырғанын хабарлған еді.
«Формула-1» жарыстарынан әлемнің жеті дүркін чемпионынан демеушілері теріс айналып отырған жоқ. Бұл туралы автошабандоздың менеджері Сабина Кем мәлімдеген.
Естеріңізге сала кетсек, Михаэль Шумахер осыдан бір жыл бұрын Францияның Мерибеле тау-шаңғы курортында шаңғы теуіп жүргенде оқыс құлап, бас сүйегінен ауыр жарақат алған еді. Содан бері спортшыға бірнеше рет күрделі ота жасалды. Қазіргі таңда Михаэль Шумахер өз үйінде ем қабылдауда.
Сурет: driveride.ru