Шумахер туралы мәліметтер сақталған компьютер қолды болды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Шумахер туралы мәліметтер сақталған компьютер қолды болды

Неміс автошабандозы Михаэль Шумахердің жеке дәрігерін ұрлықшылар тонап кетті. Германияның «Бильд» газеті хабарлағандай, белгісіз біреулер дәрігер жұмыс істейтін ауруханаға кіріп, оның кабинетінен бағалы заттарды қолды еткен. 

БӨЛІСУ

Ұрланған заттардың арасында Шумахер, тағы бір неміс автошабандозы Нико Росберг және басқа да танымал науқастар туралы мәліметтер сақталған компьютер бар. Ұрлықшылардың спортшылар туралы нақты қандай деректерге «байығанын» дәрігерге әзірге айтпай отыр, деп жазады ИТАР-ТАСС. 

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Айта кетсек, бас-ми жарақатын алып, ауруханаға түскен Шумахердің мәліметтері бұдан бұрын да жоғалған болатын. Өткен жылдың жазында швейцариялық «әуе жедел жәрдем» қызметкерлерінің бірі шабандоздың медициналық карточкасын ұрлап кетіп, оны қомақты сомаға сатып жібермек болған еді. 

Дереккөз: bnews.kz

Сурет: reporterntv.ro