Футболдан Санкт-Петербургтегі «Достастық Кубогы-2014» халықаралық турниріне қатысып жатқан Қазақстан жастар құрамасы ширек финалда жарыс қожайындарына есе жіберді.
Кездесудегі есеп тоғызыншы минутта-ақ ашылды. Ресейлік команданың «Краснодарлық» жас ойыншысы Руслан Болов мергендігімен көзге түсті. 32 минутта жерлестеріміз таразы басын теңестірген болатын. Роман Мұртазаев өз мүмкіндігін сәтті пайдаланған-ды. Алайда екінші таймда Қазақстан жастар құрамасы қорғаушылары қателігінен екі бірдей доп қақпа торында тулады. Латвиямен өткен кездесудегідей соңғы шешуші сәтте сәттілік жетіспеумен болды. Енді Саулюс Ширмялис шәкірттері 5-8 орындар үшін талас жүргізеді.
«Достастық Кубогы-2014» жартылай финалында Ресей мен Эстония жастар құрамалары, Украина мен Беларуссия командалары кездеседі.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz