Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші ойында ойсырай ұтылды. Словения өз алаңында Станислав Черчесов жинақтаған команданы 3:0 есебімен ұтты, – деп хабарлайды msports.kz тілшісі.
Матчтағы 3 голды да шабуылшы Беньямин Шешко соғып, хет-трик жасады. Бірінші таймда 23 және 28-минуттарда шеберлігімен көзге түссе, үшінші голын 63-минутта баспен соқты. Осылайша, "Лейпциг" командасында ойнайтын футболшы Словенияға 3 ұпай сыйлады.
Қазақстан мен Словения құрамалары 2023 жылдан бері үшінші рет кездесті. Бұған дейін өткен екі матчта да Словения 2:1 есебімен ұтып кеткен болатын.
Екі тур қорытындысы бойынша Қазақстан 1 ұпаймен көш соңына жайғасты. Аустрия құрамасында да 1 ұпай бар, доп айырмасы бойынша алда. Словения мен Норвегия 4 ұпаймен алға озды.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!