Шавкаттың UFC чемпионынан басымдығы неде? - танымал сарапшы сырын ашты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Шавкаттың UFC чемпионынан басымдығы неде? - танымал сарапшы сырын ашты
Фото ©️ Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

THE MMA GURU YouTube арнасының танымал жүргізушісі Мэнсон қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы Белал Мұхаммедтен басымдығын айтты, - деп жазады Tengri Sport. 

БӨЛІСУ

Аралас жекпе-жекке арналған арна жүргізушісі Шавкаттың шеберлігіне күмән келтірмейді. Отандасымыз Белалға қарсы жекпе-жекте бойының ұзындығы мен бетпе-бет шайқастағы жұдырықтасуын сәтті пайдаланады деп санайды. 

"Белалдың бойы аласа болғандықтан, Шавкат клинчте өзінің күшін тиімді пайдаланады, қарсыласының денесі мен басына тізе соққыларын жасап, жақын қашықтықта шынтақпен шабуылдайды. Ол Белалдың алдыңғы қарсыластары жасай алмаған нәрсені жасайды. Шавкат оны жақын да, алыс та қашықтықта ұра алады," - деп мәлімдеді Мэнсон өзінің подкастында. 

Айта кетейік, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммед (24-3) пен қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) арасындағы жекпе-жек 8 желтоқсан күні АҚШ-тың T-Mobile Arena кешенінде өтеді. 

Жеңіске жетсе, Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақ чемпионы атанатын болады. Сондай-ақ бұл Шавкаттың мансабындағы бірінші мейн-ивенті әрі екінші PPV-оқиғасы болмақ (дебюті UFC 285 турнирінде Джефф Нилге қарсы өткен).