
Қазақстан құрамасының спортшысы Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Отандасымыз 87 келіге дейінгі салмақта оңтүстік кореялық Сан Хек Пакпен кездесті. Нәтижесінде 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Шамиль Ожаев Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қоланы салды.
Айта кетейік, бұған дейін Ибрагим Магомадов 77 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған еді. Ал Әлімхан Сыздықов (130 келі) финалда өнер көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!