Тараз қаласында бүгін түндегі тікелей эфирден таратылған қазақстандық "Шахтер" мен шотландиялық "Селтик" командасы арасындағы ойыннан соң, бір ер адам өмірден өтті, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» жедел жәрдем станциясына сілтеме жасай отырып.
Марқұмның туыстары дәрігерлерге оның отандастар жеңілісінен соң көңіл-күйінің түсіп кеткендігін айтады. Ойын біткен соң ол өзін бірден нашар сезіне бастаған. Тез арада келіп жеткен жедел жәрдем дәрігерлері туыстарына аурудың көз жұмып үлгергендігін естірткен.
Дәрігер мамандар 56 жастағы ер адамның қан қысымы көтерілгеннен көз жұмғанын айтады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық "Шахтер" мен шотландиялық "Селтик" командасының арасындағы ойын 3:0 есебімен шотландиялықтардың пайдасына шешілген болатын.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: mail.ru