«Шахтер» көшбасшылары Алкмаарға аттанбады

Шерхан Талап Корреспондент
Шерхан Талап>
«Шахтер» көшбасшылары Алкмаарға аттанбады

Қарағандылық «Шахтер» командасының негізгі құрамындағы 6 бірдей футболшы «АЗ Алкмаарға» қарсы кездесуге қатыспайтын болды.

БӨЛІСУ

Еуропа Лигасының топтық кезеңінің төртінші кездесуінде «Шахтер» құрамы Нидерланды елінде жаңа құраммен өнер көрсетпек. Бұл кездесуге негізгі қақпашы Александр Мокин, команда капитаны Андрей Финонченко, шабуылшы Сергей Хижниченко және Алдин Джидич, Андрей Порываев, Гедиминас Вичьюс қатыспайтын болды.

Бұл туралы «кеншілер» ұжымының бас бапкері Виктор Кумыков:

– Нидерланды елінде болатын бұл кездесуге Джидич, Порываев, Финонченко, Мокин, Хижниченко және Вичюс қатыспайды. Оларды осы маусымнан кейін алған аздаған жарақаттары мазалауда. Енді Еуропа Лигасында «Шахтердың» өзге футболшылары бақтарын сынап көрмек, – деді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Еуропа Лигасының «L» тобында өнер көрсетіп келе жатқан қарағандылық команданың еншісінде 2 ұпай бар. Ал «АЗ Алкмаар» 5 ұпаймен 2-ші сатыда келеді. Кездесу 8 қараша күні «АФАС» стадионында өтеді. Ойынды Астана уақытымен сағат 02:05-те КТК арнасынан тамашалай аласыздар. Сонымен қатар «Шахтер» 10 қарашада ел кубогын «Тараз» командасымен сарапқа салатын болады. Негізгі құрам футболшыларының Алкмаарға аттанбауының бір себебі де осында жатқандай.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, vesti.kz