«Шахтер» клубының атқарушы директоры қызметінен кетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Шахтер» клубының атқарушы директоры қызметінен кетті

 

БӨЛІСУ

Футболдан қарағандылық «Шахтер» клубының директоры Нұрғазы Жарылқапов қызметінен кетті. Оның орнын уақытша клубтың спорттық директоры Игорь Солошенко атқара тұратын болды.

 

Нұрғазы Жарылғапов бұл қызметке 2014 жылдың соңына қарай тағайындалған еді. Бірақ, жаңа маусымды жаңа басшымен бастаған «кеншілердің» ойыны оңалып келе жатқан жоқ. тур қорытындысы бойынша 1 ұпай ғана жинап, соңғы орында тұр. Бұл да атқарушы директордың қызметінен кетуіне себеп болып отыр. 2014 жылдың соңына дейін атқарушы директор қызметін Ерден Халилин атқарып келген болатын.

 

Айта кетейік, Нұрғазы Жарылғапов есімі ел спорты жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол – қазақ боксының әйгілі жанашыры марқұм Ғалым Жарылғаповтың ұлы. Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, заңгер, экономист және педагог. Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған. Кеден ісі саласында да жоғарғы қызметтерде болған.