«Шахтер» Еуропаға жорығын аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Шахтер» Еуропаға жорығын аяқтады

Еуропа лигасының үшінші кезеңіне дейін жеткен қарағандылық «Шахтер» сплиттік «Хайдукке» қарсы қарымта кездесуде 3:0 есебімен ұтылып қалды.

БӨЛІСУ

Бір апта бұрын Қарағандыда өткен ойында 4:2 есебімен жеңген Виктор Кумыков шәкірттері қолда тұрған басымдықты сырт алаңда сақтап қала алмады. 14 минутта Тино-Свен Сушичтің алыстан бағыттаған соққысына Александр Мокин дайын болмай шықты. 36 минутта Антон Маглица есепте алаң иелерін екінші рет алға шығарды. Қорғанысты басты назарға алумен жүрген «Шахтер» соңғы минуттарда бір гол соғуға ұмтылды. Бірақ, сәттілік жолдас бола қоймады. Төреші қосқан қосымша уақытта Сандро Готаль үшінші допты «кеншілер» қақпасына тоғытып, қос кездесу қорытындысында 5:4 есебімен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал ойын алдында жарақат алған Андрей Финонченкосыз өнер көрсеткен «Шахтер» Еуропаға жорығын аяқтады. Енді қарағандылық клубқа ішкі біріншілікте сәттілік тілейміз.

Естеріңізге сала кетсек, кеше «Ақтөбе» түзде «Стяуадан» жеңіліп Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтсе, бүгін «Астана» «АИК»-ты өз алаңында 3:0 есебімен тізерлеткен-ді. Қос команданың қарсаластары бүгін Астана уақытымен сағат 16:00-де басталатын жеребе тастау рәсімінен кейін белгілі болады. 

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sportinfo.kz