Шахматтан Қазақстан чемпионаты рекорд орнатты

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Шахматтан Қазақстан чемпионаты рекорд орнатты
Фото ©️ ITC

Алматыда бүгін 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты басталды.  6 түрлі жас санатындағы шахматшылар 2 миллион теңге жүлде қоры үшін күреседі.

БӨЛІСУ

"18 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионаты елдегі ең ірі шахмат жарысы болмақ, сондай-ақ чемпион атағын алу үшін 860 ойыншы күш сынасады. Жаңа жылдың алғашқы турнирі жасөспірімдер арасында өтетіні қуантады. Балалардың  шынайы күлкісі маусымның жақсы бастамасы екені сөзсіз", - Қазақстан шахмат федерациясының Вице-президенті Еркин Исраилов дейді.

Чемпионат 17 қаңтарға дейін жалғасады. Ақшалай сыйлықтар мен медальдар әрбір жас санатында классикалық, жылдам және блиц шахматтан  алғашқы үш орынға бөлінеді. Сонымен қатар классика жеңімпаздары халықаралық чемпионаттарға жолдама алады.

"Классикалық шахматтан 8-18 жас санаттарындағы турнир жеңімпаздары 2020 жылғы әлем чемпионатына қатыса алады, ал күміс жүлдегерлер Азия чемпионатына жолдама алады", - деп Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко қорытындылады.

Ұлдар мен қыздар классикалық, жылдам және блиц ойындарына жиналды. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өтеді.