«Севилья» Еуропа лигасында үшінші жыл қатарынан чемпион атанды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Севилья» Еуропа лигасында үшінші жыл қатарынан чемпион атанды (видео)
Фото ©️ vk.com

Испанияның «Севилья» футбол клубы Еуропа лигасында үшінші жыл қатарынан жеңіске жетті. Биыл Унай Эмери жаттықтыратын клуб финалда ағылшындық «Ливерпульді» ұтты.

БӨЛІСУ

2015/2016 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының финалы Швейцарияның Базель қаласында өтті. Тартысқа толы болған ойында 3:1 есебі тіркелді.

Бірінші таймда ағылшындық клубтың асығы алшысынан түсіп шыққан. Ойындағы басымдықтың барлығын өз уыстарында ұстаған-ды. 35 минутта Даниэль Старридж есеп ашып, «Ливерпульды» алға шығарды. Одан кейінгі аралықта да ағылшындық ұжымның есепте алға озуына мүмкіндіктер болды. Бірақ, пайдалана алмады. Төреші Йонас Эриксен мен оның көмекшілері қателескен тұстар да болды.

Ал екінші тайм толықтай «Севильяның» басымдығымен өтті. Төреші ысқырығы шалынысымен шабуылға иек артқан команда ойыншылары Гамейроның голымен таразы басын жылдам теңестірді.

Ал 64 пен 70 минуттарда команда капитаны Кокенің соққан екі голы «Севильяға» жеңіс сыйлады.

«Севилья» Еуропа лигасын қатарынан үш рет жеңген алғашқы клуб атанып отыр. Чемпион атанып қана қоймай, Чемпиондар лигасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Алдағы маусымда да Еуропаның басты додасында Испаниядан бес клуб қатысатын болады. 

«Ливерпуль» (Англия) – «Севилья» (Испания) – 1:3 (1:0)

Голдар: Старридж, 35 (1:0). Гамейро, 46 (1:1). Коке, 64 (1:2). Коке, 70 (1:3).

"Ливерпуль": Миньоле, Клайн, Ловрен, Туре (Бентеке, 82), Альберто Морено, Лаллана (Аллен, 73), Милнер, Джан, Роберту Фирмину (Ориги, 69), Филиппе Коутинью, Старридж.

"Севилья": Сория, Мариану, Рами (Колодзейчак, 78), Каррису, Эскудеро, Коке, Крыховяк, Н`Зонзи, Банега (Кристофоро, 90+3), Витоло, Гамейро (Иборра, 89).

Ескертулер: Ловрен, 30. Витоло, 56. Банега, 57. Ориги, 72. Рами, 77. Мариану, 84. Клайн, 90+4.

Төреші: Эрикссон (Швеция).