Серік Теміржанов әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Серік Теміржанов әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Отандасымыз 1/8 финалда үнді боксшысы Рохит Мордан басым болды.

БӨЛІСУ

57 килоға дейінгі салмақта бақ сынап жатқан қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Төрт төреші Серікті ұтты деп таныса, бір төреші үнді боксшысына басымдық берген.

Бүгін Серіктен өзге 5 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар – Абылайхан Жүсіпов (67 кило), Нұрқанат Райыс (75 кило), Сәкен Бибосынов (51 кило), Санатәлі Төлтаев (63,5 кило) және Нұрбек Оралбай (80 кило).

Бокстан әлем чемпионаты 6 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрайды. Жарыс жеңімпаздары 100 мың АҚШ долларына ие болады. Күміс жүлдегерлер – 50 мың, қола жүлдегерлер 25 мың доллар алады.