WTA рейтингінде бірінші орында тұрған америкалық теннисші Серена Уильямс өзін әлемдегі ең үздік теннисші екенін тағы бір дәлелдеді. Ол бүгін мәресіне жеткен Франция ашық біріншілігінің (Rollan Garros) финалында чех Луция Шафаржованы жеңіп, чемпион атанды.
Әйелдер арасындағы «Ролан Гарростың» финалдық кездесуі 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Бірінші сетте 6:3 есебімен Серена Уильямс жеңіске жетсе, екінші сет тай-брейкке дейін жалғасты. Шешуші сәтте есе жібермеуге тырысқан Луция Шафаржова 6:7 (2:7) есебімен жеңіске жете білді. Ал үшінші сет 6:2 есебімен Серенаның пайдасына шешілді. Нәтижесінде америкалық теннисші спорттық мансабында үшінші рет «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды. Ол 2002 және 2013 жылдары жеңіс тұғырынан көрінген болатын.
Айта кетейік, ертең әйелдер арасында жұптық кезеңде қазақстандық Ярослава Шведова австралиялық Кейси Делаквамен бірге финалда АҚШ теннисшісі Бетани Маттек-Сандс және чех Луция Шафаржова жұбымен кездеседі.