Серена Уильямс жылдың үздік теннисшісі

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Серена Уильямс жылдың үздік теннисшісі

Американдық теннисші Серена Уильямс WTA  турнирлерінің қорытындысы бойынша 2012  жылдың үздік теннисшісі атанды. Бұл туралы WTA-ның ресми сайты хабарлайды. 

БӨЛІСУ

Серена үстіміздегі жылды өте тамаша өткізді. Маусым барысында алты жарыста топ жарды. Оның екеуі «Үлкен дулыға» санатына жататын Уимблдон мен US Open. Сонымен қатар Уильямс Лондонда өткен Олимпиада ойындарында жекелей және жұптық разрядта екі алтын медаль олжалаған. 

Айта кетейік, WTA номинациясы бойынша жылдың «үздік» теннисшісі 1977 жылдан бастап анықталып келеді. Серена Уильямс бұл атақты өзінің спорттық ғұмырында осымен төртінші рет жеңіп отыр. 31 жасар теннисшіден бұл атақты неміс қызы Штеффи Граф пен Мартина Навратилова ғана көбірек жеңген. Штеффи сегіз мәрте WTA-ның үздік теннисшісі ретінде марапатталса, Мартина жеті рет үздік ретінде таңдалған. 

Бұл атақты былтыр чех қызы Петра Квитова жеңіп алған болатын. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru