Бүгін Сербияда дәстүрлі түрде өтетін Belgradе winner халықаралық турнирі басталады. Жарысқа қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды, - деп хабарлайды massaget.kz.
65-ші рет өткелі жатқан бокс бәсекесі 10 ақпанға дейін жалғасады. Еуропада ұзақ уақыттан бері ұйымдастырылып келе жатқан беделді жарыс. Қазақстан құрамасы сапында биыл жас талантты боксшылар бақ сынайды.
48 келі: Нұрғиса Тұрабеков
51 келі: Рамазан Нұрлыбаев
54 келі: Бексұлтан Боранбек, Нұрсұлтан Алтынбек, Кенже Мұратұлы
57 келі: Жансері Көшербаев
63.5 келі: Бекзат Макжан
67 келі: Илья Калинин, Нұрбек Мурсал
71 келі: Өнер Сейілхан
75 келі: Бақберген Әлиасқаров, Санжарәлі Бегалиев
80 келі: Ильяр Аширов
86 келі: Дәурен Мамыр
+92 келі: Нұрасыл Асылхан
Айта кетейік, бүгін Испанияда World Boxing ұйымдастырып жатқан Boxam турнирі де басталды. Оған да қазақ боксшылары қатысып жатыр.