Себастьян Феттель - Формула-1 жарысының үш дүркін чемпионы

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Себастьян Феттель - Формула-1 жарысының үш дүркін чемпионы

Неміс жарысушысы Себастьян Феттель "Формула-1" жарысы бойынша биылғы жылдың әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

Ол әлем чемпионаты аясындағы биылғы жылдың соңғы кезеңі Бразилияда өткен Гран-приде жарысты алтыншы болып аяқтап, "Феррари" командасының жарысушысы Фернандо Алонсодан жалпы есепте үш ұпаймен озып, осымен үшінші рет әлем чемпионы атанды. 

Жалпы Бразилия Гран-приінің жеңіңпазы болып Дженсон Баттон танылды. Британдық спортшы кезеңді 1 сағат 45 минут 22 секундта аяқтап, Алонсоны 2,754 және Фелипе Массаны 3,615 секундқа артқа қалдырды. 

Қорытындысында Феттель 281 ұпаймен "Формула-1" жарысының жеңімпазы атанса, Алонсо екінші орыннан көрінді. Қола Кимми Райкконенге бұйырды. 

Формула-1. Бразилия Гран-приі . Жарыс:
1. Дженсон Баттон ("Макларен");
2. Фернандо Алонсо ("Феррари");
3. Фелипе Масса ("Феррари");
4. Марк Уэббер ("Ред Булл");
5. Нико Хюлькенберг ("Форс Индия");
6. Себастьян Феттель ("Ред Булл");
7. Михаэль Шумахер ("Мерседес");
8. Камуи Кобаяси ("Заубер");
9. Жан-Эрик Вернь ("Торо Россо");
10. Кими Райкконен ("Лотус").

Формула-1. Қорытынды есеп:
1. Себастьян Феттель - 281 ұпай;
2. Фернандо Алонсо - 278;
3. Кими Райкконен - 207;
4. Льюис Хэмилтон - 190;
5. Дженсон Баттон - 188;
6. Марк Уэббер - 179;
7. Фелипе Масса - 122;
8. Ромен Грожан - 96;
9. Нико Росберг - 93;
10. Серхио Перес - 66.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ria.ru