Саян Хамитжанов: "Бүгінгі жеңіс қазақ футболының тарихына енеді!"

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
BAUKENTI ZHAQSYMBET>
Саян Хамитжанов: "Бүгінгі жеңіс қазақ футболының тарихына енеді!"
Фото ©️ Meta.kz

Күні кеше өз алаңында кипрлік "АПОЭЛ" футбол клубын жеңген елордалық "Астана" командасы дүйім жұртты бір шулатты. Биылғы маусымды толағай табыстармен аяқтаған команданың шығар биігі әлі де жоғары екендігіне ешкім шүбә келтірмейді. Аталған ойынның қалай өткендігі туралы "ФК Бас менеджері Саян Хамитжанов өз пікірімен бөлісіп, қызықты дәлелдерін келтірді. 

БӨЛІСУ

- «Астана» футбол клубы әкімшілігінің атынан барша жанкүйерлерді құттықтаймын! Бүгін біз үшін ерекше күн болды. Осыған дейін әлі бірде-бір Отандық клубқа еврокубоктардың топтық кезеңінде жеңіске жету бағы бұйырмаған болатын. Қарағандының «Шаxтёры» да бұл биікке көтеріле алмап еді. Біз де бұған дейінгі топтық кездесулерде жеңістің тәтті дәмін сезе алмай келдік. Сондықтан бүгінгі күн - отандық спорт тариxына енеді. Жеңіссіз дәстүрге нүкте қойылды! Бізге де маусымның үйде өтетін соңғы ойынын жоғары деңгейде өткізу аса маңызды болды, өйткені, бұл маусым - біздің клубтық тариxымыздағы ең жақсы маусым.  Жеңіліп жатып, жеңісті жұлып кетуіміздің себебі ойыншылардың ерік-жігері мен бапкерлер штабының дұрыс таңдалған тактикасының арқасында деп ойлаймын. Әрине, көпшілікте үлкен көмек көрсеткенін де айту керек. Көрдіңіздер, екінші таймда толығымен басым түстік, қарсылас қақпасынан саңылау табатын көптеген сәттер болды. 

Мүмкіндік барда, күресе береміз. Өкінішке қарай, барлығы біздің қолда емес. Оқиғалар біздің пайдамызға қарай дамиды деп үміттенеміз. Ал біз Швейцарияға тек жеңіс үшін барамыз. Біз жанкүйерлерімізді ең жоғары нәтижелерге үйретіп алдық, әрі біз үшін «Астана» жас болса да Қазақстан футболының ту ұстарына айналғаны, елімізді ең беделді xалықаралық турнирлерде танытып жатқаны үлкен абырой, деді өз сөзінде. 

Естеріңізге сала кетейік 9 желтоқсан күні ел мерейін үстем етіп жүрген астаналық клуб швецариялық "Янг Бойз" футбол командасына қарсы ойын көрсетеді.