Екінші жартылай орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (61-2-2, 39 КО) қашан жекпе-жек өткізетіні анықталды.
ESPN инсайдері Майк Коппинджер ақпараты бойынша мексикалық боксшы 14 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы америкалық (тегі пуэрторикалық) Эдгар Берланга (22-0, 17 КО) болады. Олар бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады.
Қос тарап жекпе-жек келісімдерін аяқтап келеді.
"Канело" соңғы рет мамыр айында отандасы Хайме Мунгиямен (43-1, 34 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Берланга болса ақпан айында ирландиялық Пэдрейг Маккориден айласын асырған.
Canelo Alvarez, boxing's top star, is in the process of finalizing a deal for a super middleweight championship defense vs. Edgar Berlanga on Sept. 14 at T-Mobile Arena in Las Vegas, sources tell ESPN.
The fight will go head-to-head with UFC 306 at The Sphere in Las Vegas. pic.twitter.com/EbzQJ3YoiS — Mike Coppinger (@MikeCoppinger) July 23, 2024