«Сарыарқа» - Братина кубогының жеңімпазы!

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Сарыарқа» - Братина кубогының жеңімпазы!

Хоккейден Қарағандының «Сарыарқа» командасы ресейлік «Рубинді» төртінші рет тізе бүктіріп, Братина кубогын жеңіп алды. Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

БӨЛІСУ

Алтыншы кездесу кубок иегерін анықтады. Осыған дейін үш рет жеңген жерлестеріміз осы ойында барлығын түбегейлі өз еншілеріне жазуға асыққандары алғашқы минуттардан-ақ байқалып тұрды. Үшінші минутта қарсылас қақпасына алғашқы шайбаны ендірді. Алайда қонақтар да өз кезегінде есепті теңестіре білді. Екінші кезеңнің соңына қарай «Сарыарқа» екінші рет алға шықты. Үшінші кезеңде есеп өзгермеді. Нәтижесінде қарағандылық клуб Братина кубогының жеңімпазы атанды.

Жоғарғы хоккей лигасының бас жүлдесін жеңіп алған «Сарыарқаны» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құттықтап, спортшыларға табыс пен зор денсаулық тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы да қарағандылық «Сарықарқа» ақтық сында «Торос» командасына есе жіберіп алған болатын.

"Сарыарқа» (Қарағанды) – "Рубин" (Тюмень) – 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) 
Голдар:1:0 – Елизаров (Ааб), 02:22. 1:1 – Незнамов, 12:36. 2:1 – Лучкин (Елизаров, Лебедев), 39:43.

Финалдық кездесулер нәтижесі:
/4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – /3/ "Рубин" (Тюмень) – 4:2 (1:3, 4:0; 3:2 ОТ, 2:4, 3:1, 2:1)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz