Олимпиада чемпиондары Бақыт Сәрсекбаев пен Бақтияр Артаев жеңген кубалық боксшысы Эрисланди Лара Головкинге қарсы шығуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Басылым мәліметінше, Эрисланди Лара Геннадий Головкинмен бар күшін салып жұдырықтаспақ. 32 жастағы кубалық кәсіпқой бокстағы жеті маусым ішінде 24 кездесу өткізіп, оның 20-сында жеңіске жеткен. Ол бір жыл бұрын Сауль "Канело" Альварестен, ал 2011 жылы Пол Уильямстан жеңілді.
Головкин мен Лараның кездесуі жайлы мақала арнаған басылымның хабарлауынша, Лара қазақстандық бокспен біршама таныс. "2005 жылы ол Әлем кубогының командалық жартылай финалында болашақ олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевты ұпай саны бойынша жеңді. Лара қазақстандық тағы бір боксшы, олимпиада жеңімпазы Бақтияр Артаевты тізе бүктірді. Сол кезде Артаев тек үшінші орынды місе тұтты", - деп жазады басылым.